Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Танымал актер Рүстем Жаныамановтың ұлы қайтыс болды

Танымал актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы Нұрмұхаммед өмірден өтті, деп хабарлайды 

Танымал актер Рүстем Жаныамановтың ұлы қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желіден

Қаралы хабарды медиа менеджер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол актердің отбасына көңіл айтып, мұндай қайғыға жұбататын сөз табудың қиын екенін жеткізген.

«Біздің Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаммедтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен өткенде, бұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз. Көзкөргендер, әріптестер, естімей қалмасын деп жазып отырмын», – деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

 Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Нұрмұхаммедтің жаназа намазы 2 маусым күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында өтеді.