Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Еріккеннің ермегі»: Алаштанушы ғалым Қазақстандағы қазіргі масон ұйымы туралы

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстанда құрылған Әлихан Бөкейхан атындағы масон ұйымы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Еріккеннің ермегі»: Алаштанушы ғалым Қазақстандағы қазіргі масон ұйымы туралы
Фото: видиодан скриншот

 «Он жыл бұрын бір басылымға жазған мақаламда 20 ғасыр басында Әлихан Бөкейхан және масон ұйымы Ресей империясының саяси билігін құлатуды көздесе, ал сіздер қандай алдарыңызға мақсат қойып отырсыздар дегем. Бұлардыкі еріккеннің ермегі. Ал Әлиханның атын, бет-бейнесін, суретін пайдалануы - заңсыз. Бір жағынан, бұл Бөкейханға қара жаққысы келген Назарбаев дәуіріндегі саяи билік құйтырқы саясаты болуы мүмкін. Өйткені ол уақытта ешбір тұлғаның даңқы Назарбаевтан асып кетпеуі керек болатын», - дейді ол.

Сонымен қатар, алаштанушы ғалым қазақстандық масон ұйымының басшылығы өз қатарларына ресми түрде шақырғанын жеткізді.