Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

«Сөзім жоқ, топастық»: Сәуле Әбілдаханқызы түлектердің ата-аналарын сынға алды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы соңғы қоңырауда балаларына қымбат сыйлық пен гүл шоқтарын үйіп-төгіп берген ата-аналарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Сөзім жоқ, топастық»: Сәуле Әбілдаханқызы түлектердің ата-аналарын сынға алды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялаған.

“Сөзім жоқ… Топастық… Балаларына сыйлықты үйінде беруге санасы жетпеген мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек қой. “Соңғы қоңырау” деген салтанатты жиын сенің сыйлық беріп мақтанатын жеке мерекең емес, сыйлығыңды үйінде бер, айналайын” деп тоқтатпай ма? Министрлік, білім бөлімдері қалайша мұндайға жол беріп отыр? Жалпы, осындай адамдардың санасыздығына дарақылық қосылып, солар қоғамды тұңғиыққа сүйреп бара жатыр… Құдай артының қайырын берсін”, – деп жазды журналист.

Желі қолданушылары журналистің бұл пікірімен келісетіндерін айтып, мектептегі дарақылықтың көбейіп кеткенін жарыса жазған.