Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

«Алтын белгіге үміткер»: Ерекше түлекпен билеген ұстаз көпті жылатты

Әлеуметтік желіде денсаулығында ақауы бар түлекпен бірге би билеген ұстаздың видеосы көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Алтын белгіге үміткер»: Ерекше түлекпен билеген ұстаз көпті жылатты
Фото: видиодан скриншот

Желі қолданушылары ерекше оқушыға қолдау білдіріп, ұстаздың жанашырлығы мен шәкіртіне деген қамқорлығына тәнті болды.

«Менің аты жөнім Жұлдызай Таңатқановна. Мен Цой Максимнің сынып жеткешісімін, осы биді біз бірге билегеніме мақтанамын. Бұл дарынды оқушым және осы мектептің түлегі. Максим алтын белгіге үміткер. ҰБТ сынақ тесттерінен 130-133 бал жинап жүр. Максим 18-ші Республикалық Президенттік олимпиаданың 3 дәрежелі диплом иегері. Максим денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан білімді болуға ештеңе де кедергі емес екенін дәлелдеді. Максимді қолдағандарыңыз, оның болашағына үлкен мақсат болады деп ойлаймын», – деді мұғалім.