Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Талдықорғанда жоғалып кеткен бала өлі күйде табылды

Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы бала өлі күйде табылды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорғанда жоғалып кеткен бала өлі күйде табылды
Фото: sputnik.kz

25 мамырда сағат 19:50-де "102" арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Ерекше күтімді қажет ететін бала сағат 19:30 шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Полиция дереу іздеуді бастаған. Іздеу жұмыстарына кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері, еріктілер жұмылдырылды.

Аулалар тексеріліп, Қаратал өзенінің жағасы мен бос жерлер түгел қаралған. Іздеу аймағын кеңейту үшін тепловизоры бар дрон қолданылған.

"26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - дейді полицияда.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде