Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Пәленің келуі маған жұмбақ»: белгілі ақынның жазбасынан кейін Мұхамеджан Тазабектің Оралдағы кеші өтпейтін болды

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева әлеуметтік желідегі жазбасында айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің Оралдағы кездесуіне қарсылық білдіріп, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында мұндай басқосудың өтуіне наразылық танытты, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Пәленің келуі маған жұмбақ»: белгілі ақынның жазбасынан кейін Мұхамеджан Тазабектің Оралдағы кеші өтпейтін болды
Коллаж: sn.kz

Осыдан кейін Тазабектің Оралдағы кездесуі өтпейтіні белгілі болды. Ақын Facebook парақшасында:

«Бүгін Оралда Қадыр Мырза Әлі орталығы Мұхамеджан Тазабековпен кездесуге шақырады. Қадыр Мырза Әлі орталығы мемлекеттік мекеме еді, жекеменшікке өтіп кеткен жоқ па екен? Рұқсат берген кім?», – деп жазды. Сондай-ақ ол Президенттің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын еске алып, Қадыр Мырза Әлі мұрасын насихаттау мәселесін көтерген.

«Біз Қадыр ақынның 6767 кітабын көшіріп әкеліп, он жыл өткесін енді ашып оқуға кіріскелі отыр едік… Сол тұста Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Дикий Арманның құшағынан шыққан, айтыстағы “құбылыс” Мұхамеджан Тазабеков ел-жұртпен кездесу үшін Оралдағы киелі орталықты таңдады», – деді ақын. 

Жазбада Ақұштап Бақтыгереева қоғамдағы діни ағымдар, отбасылық құндылықтар және айтыс төңірегіндегі мәселелерге де тоқталған.

 э«Сан түрлі діни ағымдар еніп кеткен Батыс өңірге осы “пәленің” келуі маған жұмбақ. Қандай саясат? Қандай үгіт? Айтыс жайлы не демек? Айтыс – қазір бизнес», – деп жазды ол. Әлеуметтік желіде бұл жазба қызу талқыланып, желі қолданушылары екіге бөлінді. Ал кейін Мұхаметжан Тазабектің Оралдағы кездесуі өтпейтіні хабарланды.