Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

«Дәрігерлер бірден хабарламады»: Пластикалық ота кезінде көз жұмған блогердің қызы жанайқайын айтты

Блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қызы анасының қазасына байланысты қоғамнан көмек сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Дәрігерлер бірден хабарламады»: Пластикалық ота кезінде көз жұмған блогердің қызы жанайқайын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Марқұмның қызының айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникасында липосакция отасы кезінде көз жұмған.

Оның сөзінше, дәрігерлер операция жергілікті анестезиямен өтетінін және ең көбі бір жарым сағатқа созылатынын айтқан.

«Бір сағат. Бір жарым. Екі. Үш. Сұрақтарымызға ешкім жауап бермеді. Тек үнсіздік болды. Анамыздың қайтыс болғанын туысымызға кешкі сағат 18:00 шамасында ғана айтты», – деп жазды ол Threads желісінде.

Марқұмның туыстары жедел жәрдемнің кеш шақырылғанына байланысты күмән барын жеткізді. Олардың сөзінше, операциядан кейінгі жағдай туралы отбасы мүшелеріне нақты ақпарат берілмеген.

«Үш сағат бойы ол жабық есіктің ар жағында жалғыз жатты. Ал біз ештеңе білмедік. Дәрігерлер неге бірден хабарламады деген сұрақ әлі де мазалайды», – деді марқұмның қызы.

Ол отбасы қазіргі уақытта дәрігерлер тарапынан қандай көмек көрсетілгенін және не себепті жедел жәрдем дер кезінде шақырылмағанын анықтауға тырысып жатқанын айтты.

«Анамыздың өліміне қатысты барлық мән-жай анықталмайынша, клиника жаңа пациенттерді қабылдауды жалғастырып отыр. Біз әділ тергеу жүргізуді және клиника қызметін уақытша тоқтатуды талап етеміз», – деді ол.