Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«60 млн теңге несие»: Журналист қарызға батқан Қайрат Әділгерейдің жағдайын айтты

Журналист Ербол Мәндібек актер, шоумен Қайрат Әділгерей туралы үндеу жасап, қоғамда талқылау тудырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«60 млн теңге несие»: Журналист қарызға батқан Қайрат Әділгерейдің жағдайын айтты
Фото: видиодан скриншот

Оның айтуынша, актер шамамен 60 млн теңге несие төлеп жүр, ал былтырғы фильмнен түскен табыс негізінен шығындарға кеткен.

Журналист көпшілікті жақын арада шығатын «Хотя бы кинода-4» фильміне қолдау көрсетуге шақырды.

Алайда бұл үндеу қоғамда екіге бөлінді: бірі отандық киноны қолдауды құптаса, екіншісі танымал адамның жеке қарызын халыққа жүктеу дұрыс емес деп санайды.