Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Өскеменде бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Фото: istockphoto

Полицияның мәліметінше, 48 жастағы күдікті 2022 жылдан бері іздеуде болған. Тергеу деректері бойынша, ол автокөлік сатуға қатысты қылмыстық схемаларды жүзеге асырған.

«Күдікті тиімді шарттар ұсынып, алдын ала төлем алған. Бірақ көлік құралдарын беру бойынша міндеттемелерін орындамаған. Ақшаның бір бөлігін қайтару арқылы ол мәмілелердің заңдылығын көрсетіп, алдау тәсілдерін пайдаланған. Алдын ала есептеу бойынша, жалпы шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады», - деп хабарлады ведомстводан.

Мәмілелерді рәсімдеу үшін ер адам үшінші тұлғаларды тартып, олардың атына қарыз шарттарын жасатқан.

Ақшаны беру процесі жиі нотариустардың қатысуымен өткені аталып өтті. Сондай-ақ, полиция ұсталған азаматтың бұған дейін де алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің барлық мән-жайы мен басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтар анықталуда. Ведомство азаматтарды алаяқтықтан сақтану және өз қаражаттарын қорғау үшін қаржылық операциялар кезінде қырағылық танытуға шақырды.