Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Пәтердің тек сертификатын берді»: Тұрсын Алагөзов журналистің сынына ұшырады

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдіріп, олардың өздері өндіріп, жарнамалайтын өнімдерді қолданбайтынын жазды, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Пәтердің тек сертификатын берді»: Тұрсын Алагөзов журналистің сынына ұшырады
Коллаж: sn.kz

Оның айтуынша, табыс табатын өнімді өндірушілердің өзі оны тұтынбауы – жиі кездесетін жағдай.

«Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін — бірақ сол арқылы миллиардтар табады», – деп жазды ол. Журналист сондай-ақ «Цесна» өнімдеріне қатысты да сын айтты. «Біз етке арналған қамырды көптен бері “Цеснадан” алып жүрміз. Бұрын да жазғанмын: қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес», – деді журналист.

Сонымен қатар, ол компанияның пиар әрекеттеріне де тоқталды.

«Пиар үшін пәтер таратып жатыр (бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірмеген — адамдар тек сертификатқа қуанып отыр). Неге соның орнына қызметкерлерге өздері 15–20 миллионға пәтер ала алатындай лайықты жалақы төлемеске? Оның орнына төмен жалақы, “сыйлықтар” және өз байлығын жарнамалау ғана», – деп жазды Әбенова.

Өз сөзінің дәлелі ретінде журналист Threads желісіндегі қолданушы пікірін де келтірген. Онда автор Алагөзовтардың үйі туралы видеоны көргеннен кейін олардың басқа өнім қолданатынын байқағанын айтқан.