«Ақорда» бағдарламасына сұхбат беріп, көпшіліктің ықыласына бөленген Бақдәулет есімді балақай «Qazaqstan» телеарнасында қонақ болған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Түркістан өңірінен елордаға арнайы келген бала телеарна студияларын аралап, арнаның тыныс-тіршілігімен танысқан.
«Ақпарат» студиясында суфлерден жаңалық оқып көрді.
«Balapan» телеарнасының тікелей эфирдегі бағдарламасына сұхбат беріп, арманына бір табан жақындай түсті.
Бақдәулет Әмірбек өз еңбегімен жинаған қаржысына сыйлық та ала келген екен.