Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Жүрегіме ауыр тиді»: Мейрамбек Беспаев танымал өнер жұлдызына қымбат көлік сыйлады

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев өнердегі інісі, әнші Еркеш Хасенге су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жүрегіме ауыр тиді»: Мейрамбек Беспаев танымал өнер жұлдызына қымбат көлік сыйлады
Коллаж: sadaq.kz

Бұл жаңалықпен әнші Еркеш Хасен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Құтты көлік бол, айналайын. Тек жақсылықтарға барайық!», – деп жазды ол.

Әнші көлік сыйлау туралы ұсыныстың қалай басталғанын бейнежазбасында айтып берді. 

Оның сөзінше, ол екі апта бұрын "CoverShow” бағдарламаға қатысушы болып өнер көрсеткен.

«Мейрамбек ағамыз екеуміз мерекелік іс-шараға барып, әнімізді айтып болған соң, «үйге қайтатын көлігің бар ма?» деп сұрады. Ойымда ештене жоқ. Мен «иә, иә такси шақырып қойдым» дедім. Сол жерден әңгіме бітіп, үйге қайттық. Келесі күні бағдарламаға сарапшы болып, қасында отырғанда Мейрамбек ағам көлігім туралы қайтадан сұрады. Бағдарлама біткен соң, «маған көлігім жоқ деген сөзің шамалы жүрегіме ауыр тиді. Маған картаңның 16 санын қалдыр. Амандық болса жақын күндері сый-сияпатымды жіберемін. Соған өзіңе ыңғайлы көлік ал!» деді. Мен үшін үлкен сый-құрмет. Аллаға шүкір, маған бүгін Мейрамбек Беспаев ағам көлік сатып алып берді», – деді әнші. 

Көпшілік Мейрамбек Беспаевтың ағалық қамқорлығы мен мәрттігіне риза болып, құттықтауларын жазды.