Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

«Дұғада болыңыздар»: Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Дұғада болыңыздар»: Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, 84 жасқа келген қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі таңда ем-дом шаралары жүргізілуде.

Мұхтар Шаханов — қазақ әдебиеті мен руханиятында айрықша орны бар тұлға. Ол кеңестік кезеңнің өзінде ұлт мүддесін қорғап, Желтоқсан оқиғасы туралы шындықты халықаралық деңгейде көтерген қайраткер ретінде танымал.

Қор өкілдері мен жақындары халықты ақынның сауығып кетуіне тілекші болып, дұға жасауға шақырды.