Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Танакөз Толқынқызына жазылған арыз бойынша іс қозғалмайтын болды

Ақын Танакөз Толқынқызы адвокат жалдау шығындарын төлеу мақсатында кітап сатуды тоқтататынын хабарлады. Ол полицияға барып, жауап бергенін желіде жазды, деп хабарлайды paryz.kz tizgin.kz-ке сілтеме жасап.

Танакөз Толқынқызына жазылған арыз бойынша іс қозғалмайтын болды
Фото: әлеуметтік желіден

Ақын Астана қаласы Сарайшық ауданы полиция басқармасының шақыртуына өзін қорғауға келісім берген Бауыржан Азанов және Марал Сайлаубаймен бірге барған.

Екі адвокаттың тікелей қатысуымен полицейдің қойған барлық сұрақтарына жазбаша жауап берген. Жазбаша жауабына өзі мен екі адвокаты қол қойған.

”Бүгін менің адвокаттарым маған тексеру нәтижесінде қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамының білгілері анықталмағандықтан, іс номенклатуралық есепке жіберілгенін хабарлады. Осыған орай, адвокат жалдау шығындарын көтеруге менің кітаптарымды сатып алған барлық оқырмандарыма шексіз разылығымды білдіремін. Басыма іс түскенде олар маған моральдық та, материалдық та көмек берді. Ең бастысы, мен олардың алғаусыз махаббатын, мен үшін уайым кешкен алаң көңілін, Жаратушыдан ата-анам мен бауырларым сияқты тілеуімді тілеп, дұға қылғанын сезіндім”, – дейді ол. Танакөз Толқынқызы бұл өзі үшін күтпеген үлкен жаңалық болғанын айтады.

Халық бұлай бір жағына шығысып, қолдап кетеді деп ақынның өзі күтпеген.