Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Журналист жоғалған балаға қатысты көріпкелдің пікірін бөлісті

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысында жоғалып кеткен 8 жасар Жаннұр туралы жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Журналист жоғалған балаға қатысты көріпкелдің пікірін бөлісті
Фото: видиодан скриншот

"ЖАННҰР ТАБЫЛМАДЫ 8 жасар Жаннұр ауыл шетінде ойнап жүріп лотокқа (канал) тәпішкесі түсіп кетеді. Соны қуалап жүріп, аламын деп еңкейгенде өзі құлап суға ақты. Лоток қуалай сарқырап жатқан Келес өзеніне құйылады. Жанында бірге ойнаған балалар дәрменсіз шулап-шулап қояды. Үйдегілерге баланың ағып кеткенін естірткенде сол балақайлар. Содан бері 12 күн өтті. Бала табылмай жатыр. Басында туыстар, ауыл болып өздігінен іздеді.

Соңғы күндері ТЖМ құтқарушылар қосылды. Күні-түні өзенді сүзгенімен нәтиже жоқ. Келес өзені дәл қазір ми сары батпақ болып ағуда. Ағыс әрмен қарай 40км соң Сырдарияға қосылады. Ата-анасының өтінішімен көріпкел Камранға хабарластым.

"Дәл осы уақыттан енді жаз соңына дейін көп бала суға кетеді, абай болыңыздаршы!" деді. Шамамен 16-18 км ағыспен оң жағалаудан табылады денесі, сол жерді іздесін" деп қосты. Жаннұр отбасындағы 4 баланың 2-шісі. Мектепте үздік, белсенді оқушы. Математикадан судай, логикалық есепке ағып тұр. Республикалық олимпиаданың жүлдегері, әрі футболист һәм мектеп әншісі.

Әттең, тура жарқырап тұрған жасында оқыс деген осы ғой. Жыл сайын Түркістан облысында осындай ашық, қоршалмаған лоток кесірінен қаншама бала суға кетеді. Құтқарушылар іздеу жұмыстары аяқталған соң қауіпсіздік жұмыстарын да күшейтсе құба-құп", – деп жазды журналист.