Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының өмір салты туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, Қайрат кабинетте отырып жұмыс істейтін адам емес. Мемлекеттік қызмет те оған сай келмейді.
«Қайраттың табиғаты басқа. Оның үстіне, мемлекеттік қызметтің жалақысымен қазіргі деңгейін ұстап тұру мүмкін емес», – дейді ол.
Сондай-ақ ол балаларының төмен жалақыға жұмыс істемейтінін жасырмады.
«Менің балаларым 120 мың теңгеге жұмыс істемейді. Себебі ондай еңбекақыға жұмыс істейтін адамдардың өмірге көзқарасы бөлек», – деді Нұртас Айдарбеков.