Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз баласы»: Алматыда танымал әншінің ұлы жоғалып кетті

«Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз баласы»: Алматыда танымал әншінің ұлы жоғалып кетті
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Жазира Бегалының мәліметінше, ол танымал әнші болған Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы.

Айта кетейік, Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді. Ал, еріктілердің ресми мәліметіне сүйенсек, Баир Сиқымбаев 1989 жылы 29 наурызда туған. Бойы 185 см, арық, көзі мен шашы қара. Ол 24 наурыз күні үйінен белгісіз бағытқа бет алып, одан қайтып оралмаған.

«Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Дауысы ерекше, көрікті , талантты , Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрады», - деп жазған Жазира Бегалы ақпаратты барынша таратуды сұрайды.