Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

«Бұлай болады деп ойламадым»: Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойы қалай өткенін айтты

Әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты сәттен кейін тойдың жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап 

«Бұлай болады деп ойламадым»: Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойы қалай өткенін айтты
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы тойларының сәтті өткенін атап өтіп, кешке атсалысқан жандарға ерекше ризашылығын жеткізді.

«Бұлай болады деп ойламадым. Шақырылған қонақтардың 99 пайызы келді. Алғыс білдіреміз! Алғашқы тойымыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін ерекше ризамыз. Әрқайсыларыңыз өз істеріңіздің нағыз шебері екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Кештің көркін кіргізіп, көңілімізден шығатын керемет атмосфера сыйладыңыздар. Осындай кәсіби әрі ұйымшыл командамен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе! Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және тек биік белестер тілейміз! Тағы да үлкен рахмет!» – деп жазды әнші.