Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Астанада және Алматыда Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концерттер өтті

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Астанада «EXPO» халықаралық көрме орталығында салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада және Алматыда Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концерттер өтті
Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Концерт бағдарламасында дәстүрлі салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар көрермен назарына ұсынылды, сонымен қатар халық әуендері мен күй тартыс сияқты ұлттық мәдениетіміздің бай мұралары кеңінен таныстырылды.

Сахнада еліміздің танымал өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазақстанның Халық әртісі Әлішер Кәрімов, еңбек сіңірген қайраткерлер Гүлсәнім Жұмағалиева мен Ардақ Балажанова, сондай-ақ Асылхан Шалқаров, Ұлпан Әбдікәрімова, Сұлтан Ахмет, Рүстем Нұржігіт сынды орындаушылар болды. Көрермендер эстрадалық әндер мен халық композиторларының туындыларын тамашалады.

Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония, Астана балет театры, «Жошы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Вайнах» халықтық ансамблі, «Шаттық» және «Гүлдер» би ұжымдары бағдарламаға белсене қатысып, ұлттық өнердің әртүрлі қырларын көрсетті.

_gluster_2026_3_21_be00527516040010c02c877c1277887f_1280x720.jpeg

Ал Алматы қаласында Әз-Наурыз мерекесіне орай Almaty Theatre сахнасында «FOLK SHOW NAURYZ» атты концерт өтті. Іс-шараны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырды, жоба авторы мен дирижері – Әділет Азбаев.

Концерт барысында қазақтың дәстүрлі күй және ән өнері заманауи өңдеуден өтіп, көрерменге жаңа форматта ұсынылды. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, қобызшы Олжас Құрманбек, Гүлнұр Саргизова, Ербол Тәжібаев, Дана Сәбит, Шахзод Сана, Ақынер Айлин, Ақылбек Бектасов сияқты орындаушылар өнер көрсетті. ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би ансамблі мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі студенттерінен құралған хор да сахнада өнерін паш етті.

Осылайша, екі қаладағы мерекелік концерттер Ұлыстың ұлы күнін ерекше мерекелік көңіл-күймен атап өтуге, халыққа ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын көрсетуге мүмкіндік берді және көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.