Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Мейірімді тазару» акциясы: Ел бойынша волонтерлер бірікті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Green Steppe жобасы аясында «Мейірімді тазару» атты республикалық акция өтті. Іс-шараны ұйымдастыруды «Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігі жүзеге асырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Мейірімді тазару» акциясы: Ел бойынша волонтерлер бірікті
Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Акцияға 200-ден астам волонтер, сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара аясында Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында жергілікті деңгейде алты акция өткізілді.

Волонтерлер қарттар мен ардагерлерге қолдау көрсетіп, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді қар мен мұздан тазартты. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу үшін абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл бастама қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға, өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға және елдегі волонтерлік қозғалыстың маңыздылығын көрсетуге ерекше үлес қосты.