Полиция әлеуметтік желіде «Наурыз қазақтың мейрамы емес» деп сөз таратқан жігіттің үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz Tizgin.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ 23 наурызда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында «TikTok» платформасында Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария айтылған пікірлері бар бейнематериал анықтаған.
“Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп жауап берді ІІМ.