Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялап, отбасылық жағдайына қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол өз жазбасында ұзақ уақыт бойы түрлі қиындықтарды бастан өткергенін айтып, кей адамдардың әрекетіне ренішін жеткізген.
"Жалпы өмір деген қандай, иә?! Жау алыстан келмейді деп бекер айтылмаған… 10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, мені өсектеумен күйдірген Шавкаттың шешесіне таным бар. Қазақ болғаным үшін қалай баласы ЮФС-ден табыс әкеле бастады, мені қазақ деп күндеп, өсектеп, жамандап, «қазақтар мал» деп 2023 жылы аузына келгенін айтып ұялмай, қалай қазақтың жерін басып жүр екен?! Ақыры ажырастырды, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері Шавкаттың табысы, таласқандары – менің балаларымның несібесі. Мейлі, қазақ екеніме мың шүкір! Аз уақытта көп нәрселер айтылады…", – деді ол.
Қазіргі таңда бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.