Белгілі тележүргізуші, журналист Гүлназ Ауданбаева Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында жұмыс барысында «Елбасы» сөзін бірде-бір рет айтпағанын мәлімдеді.
«Жаңалықтар қызметінде жүргенде оқитын мәтіндерімнен «елбасы» дегенді сызып тастайтынмын.
«Елбасы» сөзін айтпаған Қазақстанда жалғыз жүргізуші болса, ол мен шығармын. Ешқашан айтқан жоқпын. Ол да менің ішкі протестім. Журналистер де, басқалар да «елбасы» деп сайрап жатты. Ал мен диктордың сөзін өз стиліме сай өзгертіп, қайта жазып шығатынмын, жәй отырған «кукла» емеспін ғой. Мәтінді қарап үлгермей қалатын кездер болады, сондайда суфлерға кетіп қалмаса. Ондай жағдайда да «елбасы» дегенді «президент» деп оқитын адаммын. Сол кезде жап-жас болсам ба, депутаттардың «елбасы» деп жағы талғанша айтқандарынан жүрегім айныған.
«Елбасының арқасында», «Назарбаевтың арқасында» немесе «президенттің арқасында ақша бөлінді» деген тіркестерді де алып тастайтын едім. Осы принциптерді қатаң ұстандым, «Хабар» арнасында да, «Қазақстан» ұлттық арнасында да. Өйткені олардың ақшасы емес, ол менің және сенің ақшаң, халықтың ақшасы. Сондықтан «бюджеттің ақшасы» деп өзгертем. Иә, бұл ішкі протестім. Егер әр адам өз принципін ұстанып жүрсе, қоғам өзгерер еді», - деді Гүлназ Тұмашқызы.
Айта кетейік, Гүлназ Ауданбаева ұзақ жыл «Қазақстан» ұлттық арнасында, «Хабар», Еуразия бірінші арнасында, «Астана» және басқа арналарда диктор, тележүргізуші, журналист болып қызмет атқарған.