Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин (GGG) туралы жазба жариялады, алайда көпшілік сынынан кейін өшіріп тастады. Бұл туралы Paryz.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы парақшасында Головкиннің қазақстандық бокстағы орны туралы пікір білдірген. Жазбасында ол GGG-ді нағыз чемпион деп атап, оған құрметпен қарайтынын жеткізген.
“Келесі болашақ чемпион – жай ғана жұлдыз емес. Бізде чемпион көп болды. Бірақ олардың бәрі GGG секілді жұлдыз болуға ұмтылған жоқ. Қазақ халқы кейде өз ішімізден шыққан жұлдыздарды емес, басқа ұлт өкілдерін көбірек бағалайды. Өйткені көреалмаушылық та бар. Ал GGG – нағыз чемпион. Мен оны құрметтеймін”, – деп жазған Елеусінов.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі боксшының бұл сөздерін теріс қабылдады. Әсіресе қазақ халқы туралы айтқан пікірі көпшіліктің наразылығын тудырды.
Пікірлерде қызу талқылау басталып, біреулер спортшының ойын қолдаса, енді бірі мұндай пікірмен келіспейтінін жазды.
Қоғамдық сын күшейгеннен кейін Данияр Елеусінов бұл жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасынан алып тастады. Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері.