Журналист Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысындағы резонанс тудырған іс туралы тың дерек бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, күдікті Мейрамгүлді 5 қараша күні өздерімен бірге қалаға әкелген, кейін оны да аяусыз өлтіріп, Наурыздың жанына көміп тастаған.
«5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да қаныпезер айуандықпен өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған. Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен», – деп жазды журналист.