Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем Әубәкір табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сүйінші жаңалықты бойжеткеннің туыстары бөлісті. Жақындарының айтуынша, қыздың қазіргі жағдайы жайлы әзірге толық ақпарат берілмейді. Маған әзірге оның жағдайы жайында айтпауымды өтінді.
«Сыртқы істер министрлігіне, полицияға, Ішкі істер департаментіне және көмектескен барлық адамға алғысымды білдіремін. Қазір басты мәселе – ұшып бару. Тезірек жету керек. Сондықтан сағаты аз, ең жылдам рейс болса болды, бағасы қандай болса да бәрібір. Ең бастысы – оған тезірек жету. Қазір ол консул Тимурмен бірге. Ол жанында жүр. Мен оны видеоқоңырау арқылы көрдім. Барлығыңа сәлем жолдады. Әзірге бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы – оны тапты. Барлығыңызға рахмет», - деді Әсемнің әпкесі.