Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды

Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшамауданында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Paryz.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды
Фото: әлеуметтік желіден

Олардың денелері бұрын күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян елге жеткізілді. Олар Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйіттерін бұрын Геолог ықшамауданында жалдап тұрған үйдің ауласына көміп кеткенін айтқан.

Осы мәлімет алынғаннан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген жерге қайта барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде аталған аумақтан мәйіттер табылды.