Қажылық сапарында жүрген танымал асаба Әлібек Серғалиев әлеуметтік желіде көпшіліктің кейбір пікірлеріне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жазбасында адамдар арасындағы қатыгездіктің көбейгеніне қынжылыс білдіріп, ізгі ниет танытқан жандарға алғысын жеткізді.
"Неге біз осындай қатыгез болып кеттік? Кейбіреулер кәдімгідей қарғыс айтып жатыр. Ал қайта тілекші болып, қолдау білдірген ағайынға үлкен рақмет. Барлығыңызға Алла бар жақсылықты нәсіп етсін. Бұйырса, амандықпен елге ораламыз, Алла жазса", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары оған: «Өзіңнің дұғаңды оқып отыра бер енді», «Меккені бомбаласа екен, барғандар қайтып келмесін», деген сыңайда пікір жазып жатыр.
Әлібек Серғалиев қазіргі уақытта қасиетті қажылық сапарында жүр.