Прямая трансляция

Астана

Астана

-20.03°C

«Бір адамды судан іздеу керек»: Танымал көріпкел Атырауда жоғалған отбасыға қатысты болжамын айтты

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасының қылмыстық ісі қоғам назарын аударып тұр. Әлеуметтік желіде танымал көріпкел Айгүл бұл іске қатысты тың мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бір адамды судан іздеу керек»: Танымал көріпкел Атырауда жоғалған отбасыға қатысты болжамын айтты
Фото: arasha.kz

Оның айтуынша, жақын арада бұл іске қатысты маңызды ақпараттар белгілі болуы мүмкін. Бұған дейін де оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер туралы өз болжамдарын бөліскен ол, бұл жолы іздеу бағытын өзгертуді ұсынды. Көріпкелдің айтуынша, жоғалған жандардың бірін су айдындарынан іздеу қажет.

"Менің ойымша, бір адамды судан қарау керек. Бұрын осындай айтқаным есімде жоқ. Мүмкін, алғаш жоғалған ұл баланы судан табуы мүмкін. Нақты айта алмаймын, бірақ суға қатысты бір құпия бар сияқты", – деді ол.

Бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адам мен оның әйелі ұсталды.