Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Семейде мас күйінде рульге отырған әйел адам ұсталды

Абай облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары кезекті заң бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz.

Семейде мас күйінде рульге отырған әйел адам ұсталды
Фото: istockphoto

Семей қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері «HONDA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 33 жастағы әйел адам болған.

Оның қимыл-қозғалысы мен сөйлеу мәнері полиция қызметкерлеріне күдік тудырған. 

«Жүргізушінің әрекеттері сенімсіз, жауаптары шашыраңқы болғандықтан, тәртіп сақшылары оны медициналық куәландырудан өткізу туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижесі күдікті растады. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел адам жеңіл дәрежелі масаң күйде болған», – делінген ПД хабарламасында.