Танымал әнші, Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға Олимпиада ойындарына өзінің әнін таңдағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Софья Самоделкина еркін бағдарламада шоу-бизнес жұлдызы Николь Шерзингердің орындауындағы әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.
Бұған әншінің өзі пікір білдіріп, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға алғыс айтты.
"2026 жылғы Олимпиада ойындарында Sunset Boulevard әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткені үшін қазақстандық Софья Самоделкинаға рақмет", - деп жазды Шерзингер Instagram-дағы парақшасында.
Мәнерлеп сырғанаушының өзі де Никольге жауап беріп, жазбасына пікір қалдырды. "Керемет музыка үшін рақмет! Мен сізді жақсы көремін!", - деп жазды Самоделкина.