Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қателігімді мойындаймын»: Қайрат Әділгерей Құрманғазының ұрпақтарынан кешірім сұрады

Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы туралы үш-төрт жыл бұрын айтылған сөзі үшін басы дауға қалған танымал әзілкеш халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қателігімді мойындаймын»: Қайрат Әділгерей Құрманғазының ұрпақтарынан кешірім сұрады
Фото: видиодан скриншот

«Қазақ тарихының тұлғасы Күй атасы Құрманғазы бабамыз туралы айтылған сөздеріме түсініктеме беруді жөн көрдім! Бұйыртса жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын! Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған!»,– деп жазды Қайрат Әділгерей.

Құрманғазы Сағырбайұлының Орал қаласында тұратын ұрпақтары актердің бұл сөздері үшін жауапқа тартуды талап еткен болатын. 

«Құрметті қазақ елі! Соңғы екі күнде қатты қызу талқыға түсіп жатқан менің белгілі подкастта Құрманғазы жайлы айтқан пікірім қатты талқыланып жатыр. Тіпті Орал қаласынан ақсақалдар алқабилер жиналып, видеода айтылған сөзге қатты наразылық білдіріп тіпті сотқа бермек екен. Осы ретте мен өзімнің қателігімді мойындаймын. Бұл 3-4 жыл бұрын подкастта айтылған әңгіме болатын. Жалпы мен өзім жүрген жерімде аруақтардың басына құран бағыштап жүретін адаммын. Жалпы тарихи жерлерді аралғанды жақсы көремін. Сол жерде бір шырақшының әңгімесін естіп, соны жастардың тілімен әсерлеп жеткізіп айтқаным қателігім болып отыр. Подкастта барлығы басқа форматта, ал айтқан сөздерім дөрекі түрде көрінген. Мен Оралдық ақсақалдардың айтқан талабын орындауға дайынмын. Астрахан ауданы барып, бабамыздың басына барып Құран бағыштап қайтпақшымын. Сол кезде барлығын түсіндіріп беремін», – деді актер.

Желі қолданушылары актердің мәлімдемесіне қолдау білдірсе, бірі аңдамай сөйлеудің соңы осындай болатынын ескертті.