Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Жазирадан да сұлу екен»: Жазира Байырбекова болашақ құдағайымен танысты

Танымал әнші Жазира Байырбекова TikTok әлеуметтік желісінде құдағиымен кездескен сәтінен видео жариялап, болашақ құдағайлардың таныстығы елдің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жазирадан да сұлу екен»: Жазира Байырбекова болашақ құдағайымен танысты
Фото: видиодан скриншот

Бейнежазбада әнші құдағиымен алғаш рет жүздескенін айтып, әзіл аралас пікір білдірген.

«Құдағиым Лизамен кездесу. Кит мәселесі шешілді. Кит бермейтін болдық», – дейді әнші.

Бұл жазба желіде тез таралып, көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір қолданушылар әншінің сөзіне әзілмен жауап қайтарды.

«Кит бермесеңіз де, тым болмаса кофе алып бермедіңіз бе?»,– деп жазды оқырмандардың бірі.

Ал басқа желі қолданушылары құдағайының ерекше сұлулығын айтып, жарыса пікір жазды.

«Дұрыс, керек емес. Жастар бақытты болсын, «Құдағай неткен сұлу еді» Құдағи жап-жас екен», «Киті құрсын, қазіргі заманда ең бастысы – татулық», «Жазирадан да әдемі екен құдағи», – деп пікір қалдырды көпшілік.