Қылмыс әлемінің серкесі ретінде танылған Нұржан Иманалиев өзіне қатысты айтылған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.
«Айтылған сөздердің бәрі – жалған. Неге бұлай жасағанын өзім де түсінбеймін. Қазір шок жағдайындамын. Бұл адамды өмірімде бар болғаны бір рет көргенмін. Сол кезде үйіме қонаққа келіп, бірге ас ішкенбіз. Одан кейін ешқандай байланыс болған жоқ. Мұндай мәлімдеме жасауына не себеп болғанын мүлде түсінбедім», – деді Нұржан Иманалиев