Құлсарыдағы мектепте балтамен қатарласын қуған оқушы туралы жергілікті журналист Жанат Жолдасбайқызы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Мектепте балтамен ылаң салған оқушы бүгін сабақта отыр дейді. Осындай хат келді. Содан білім басқармасына, құзырлы органдарға хабарластым. Бейхабар отыр. Анықтап, ақпарат береміз деді. Елді шулатқан оқиғаға қатысты кез келген ресми ақпарат неге алдын ала жарияланбайды? Егер сот солай шешсе, әрине, ол баланың құқығы бар. Кеше «Қылмыстық іс қозғалып қамалды. Директор қызметінен кетті» деп жариялап, бүгін ол бала мектепте отырса, халық арасында екіұшты, күмәнді пікірлер туындайды. Сондықтан қоғамдық резонанс туғызған оқиғаларға қатысты әр жауапты орган заңдылықтармен түсіндіріп, ақпаратқа ашық болуы тиіс»,– деп жазды журналист.