Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында салмағы алты келі болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды аудандық ауруханаға сілтеме жасаған paryz.kz.

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Фото: pixabay

Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада дүниеге келген нәрестенің салмағы – 6015 грамм, ал бойы – 63 см. Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша анасы кесар тілігі арқылы босанған.

"Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында. Бұл – ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі", - делінген хабарламада.