Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа 30 қаңтарда Ресейге кіруге тыйым салынды. Бұл шешім елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде қабылданды, деп хабарлады paryz.kz.

Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды
Фото: instagram.com/nurlan__saburov

"30 қаңтарда Қазақстан азаматы Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынды", - деді ria.ru агенттігінің дереккөзі. 

Ол бұл шешім елдің ұлттық қауіпсіздігі, заң талаптарын сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мүддесі үшін қабылданғанын нақтылады.

Сонымен қатар ол Сабуровтың Ресейде құны 60 миллион рубльге бағаланатын мүлкі бар екенін мәлімдеді. Қазақстан азаматы өз табысын жылыстатуға тырысқаны да белгілі болды. 

"Нұрлан Сабуров Ресейде миграциялық нормалар мен салықтарды елеместен табыс тапқан. Бір ғана 2024 жылы ол 50 миллионнан астам рубльді декларациялаған. Сондай-ақ ол заңды бұзған делдалдар арқылы табысты жылыстатуға тырысқан", - деді агенттіктің дереккөзі.

34 жастағы Нұрлан Сабуров Солтүстік Қазақстандағы Степногорск қаласының тумасы. Студенттік жылдары ол көңілді тапқырлап клубында өнер көрсеткен. Кейіннен стендап арқылы танымал болып, Қазақстан, Ресей және шетелде гастрольдік сапармен жеке концерт беріп жүр.