Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Танымал актер Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрады

Актер Жанболат Найзабеков сахнадағы қылығы үшін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрады, деп хабарлайды paryz.kz.

Танымал актер Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрады
Фото: видиодан скриншот

Алайда оның мәлімдемесі қалжың аралас айтылғандай әсер қалдырды. Актер әлеуметтік желіде жариялаған видеосында «Өнер қырандары» пародия-концертінде Айнұр Тұрсынбаеваға жасаған пародиясы күтпеген жерден кең таралғанын айтты. «Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі. Осы видео арқылы Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрағым келеді.

“Өнер қырандарының” пародия-концертінде Айнұр ханымға пародия жасаған едім. Бірақ сол пародияның осыншама қаралым жинайтынын кім ойлаған? Мен олай болады деп ойламадым. Айнұр ханым, сізден кешірім сұраймын. Бірақ сізге пародия жасағаным үшін емес, сол айтыста “Балғынбектен” жеңіліп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Себебі сіз ешқашан Балғынбектен жеңілмегенсіз ғой. Енді түпсанама құйып алдым — бұдан былай сізге пародия жасамаймын», — деді ол. Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.