Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ақша үшін бәріне барады»: психолог Ирина Раззах Аййнұр Тұрсынбаеваға қатысты ауыр айып тақты

Танымал психолог Ирина Раззах журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Аййнұр Тұрсынбаеваның қызметіне қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ақша үшін бәріне барады»: психолог Ирина Раззах Аййнұр Тұрсынбаеваға қатысты ауыр айып тақты
Фото: видиодан скриншот

Ирина Раззахтың айтуынша, Аййнұр Тұрсынбаева қаржылық пайда үшін халықты адастырудан да тайынбайды.

«Халық оған Құдайындай сенеді. Егер шынымен қазақты ойласа, неге адамдарды “чекап” деп Түркияға жібереді? Қазақстанда да мұндай қызмет бар ғой. Оның жарнамасына сенгендердің бәрі таяқ жеп отыр. Маған осысы ұнамады. Ақша үшін кез келген дүниені жарнамалай беретіні де көңіліме қонбады. Кейін ол кісі халықтан ақша жинады. Дәріге деп ел болып қаражат жинадық, мен де эфирге шықтым. “Бір бала ауырып жатыр” деген желеумен халықтан ақша жиналды, себебі мен Аййнұрға сендім. Кейіннен ол баланы Дубайға апарып емдетті. Алайда баланың анасына жазып, құжаттарын сұрағанымда, ешқандай документ ұсынбады. Сол емге жиналған 1 миллиард теңге із-түзсіз жоғалып кетті», – деді Ирина Раззах.