Мәжілісте депутаты Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни неке мәселесін көтерді, деп хабарлайды paryz.kz.
Депутат осындай рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты.
Мұрат Әбеновтың айтуынша, заңсыз, діни тұрғыдан қиылған неке мәжбүрлі неке мен зорлық-зомбылықты жасыру үшін қолданылады.
“Кәмелетке толмағандарды ұрлағаннан кейін кейде діни неке қиылып, артынша жәбірленушіні отбасыдан қуып жіберетін жағдайлар кездеседі. Мұндай деректер Қызылорда облысы мен Шымкентте тіркелген. Бұған дейін діни қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды ұсынғанмын, бірақ ол бастамаға қарсы шыққандар көп болды”, – деді депутат.