Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында мемлекет және қоғам қайраткері Серік Ахметов пен Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин туралы ойын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Серік Ахметовті мықты әкім болды деп есептеймін. Ол Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын өткізді ғой. Мен облыстық газетте жұмыс істеймін. Сонда «Қасымның 100 жылдығы атаусыз қала ма?» жаздым. Қарағанды облысына әкім болған кезі, Ахметов интеллигенциямен кездесті. Маған сөз берілді. «Қасым қазақ поэзиясының классигі, өмір бақи үйсіз-күйсіз өтті. Сол Қасымның тойын өткізу жөнінде…» дей бергенімде сөзімді бөліп, «сіздің мақалаңызды оқыдым, мен Қасымның тойын өткізем, барлық жағдайды жасаймын» деді. Ол Қасымның тойын дүркіретіп өткізді. Өткізіп болғаннан кейін мені шақырып алды. «Елбасы маған Қасымның тойын Абайдың тойынан да күшті қылып жіберіпсің ғой деді, президент ырза болды» деп айтты Ахметов. Мұны құртып отырған анау ғой, Нығматулин, жоғарыға жамандап-жамандап. Серіктің түк кінәсі жоқ, иманы бетінде тұр ғой. Ол мені жақсы көреді. 75 жылдық тойыма шетелде жүрсе де келді», — деді ақын.
Серік Ақсұңқарұлы Нұрлан Нығматулинді Қарағанды жұрты «жек көреді» деп есептейді.
«Жөнді болмаған әкімім сол. Мені жақтырмады, мен де оны жақтырмадым. Оны жек көреді Қарағандыда бәрі. Оның артынан жақсы сөз ерген жоқ артынан мұнда. Ол - қу. Серік Ахметовті құртқан Нығматулин. Комсомолда бірге істеген. Серік Үкімет басшысы болып тұрды. Анау премьер-министр болғысы келді. Анау оңбаған адам. Қауіпті. Біз жек көреміз оны. Мен көрем», — ақын.