Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Дертім әлі басылар емес»: Бағдат Әшімова жан сырын ақтарды

 Қазақстанның Халық әртісі, аңыз актер Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, марқұмды еске алды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Дертім әлі басылар емес»: Бағдат Әшімова жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, қырық күн өтсе де, жүректегі жара әлі жазылмаған.

«Қырық күн, қырық түн асқанымен, жанымдағы қайғы сейілмеді. Уақыт емші дейді, бірақ дертім әлі басылар емес», – деп жазды ол.

Жазбада марқұмның асқақ болмысы, батыр мінезі мен елге қадірлі тұлғасы ерекше ілтипатпен суреттелген.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов – қазақ киносы мен театрының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар өнер иесі.