Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысында өртенген үйдің ішінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды
ТЖМ

Облыстық төтенше жағдайлар депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 қаңтарда кешкі уақытта Ақсай қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққанын туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер шұғыл оқиға орнына барды. Олар келгенде тілсіз жау бүкіл үйге тарап кеткен. 

"Өртті сөндіру барысында үйдің ішінен үш адамның денесі табылып, шығарылды. Өрт 90 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.