Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Конституциялық комиссия: екі мыңнан астам ұсыныс түсті

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды.

Конституциялық комиссия: екі мыңнан астам ұсыныс түсті
Фото: Консультациялық сот

Комиссия жұмысы ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген, ал талқылаудың барлық кезеңі жұртшылық үшін тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Отырыстың модераторы, ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық өзгерістердің қоғамдық маңызын және реформаға деген жоғары қызығушылықты айқын көрсетеді. 

«Мұндай диалог форматы реформаның негізгі қағидатын көрсетеді: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі», - деді Эльвира Әзімова. Отырыс аясында үш негізгі спикердің баяндамалары тыңдалады - әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.