Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Kaspi.kz «Қазақстанда жасалған!» жаңа жобасында әйгілі қазақстандықтар туралы әңгімелеуді жалғастырады

Қазақстандық Kaspi.kz технологиялық компаниясы биыл мамыр айында отандастарымыз  мақтан тұтатын бүкіл әлемдегі адамдар тамсанатын қазақстандықтар туралы «Қазақстанда жасалған!» жаңа бейнежобасын бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Kaspi.kz «Қазақстанда жасалған!» жаңа жобасында әйгілі қазақстандықтар туралы әңгімелеуді жалғастырады
Фото: Kaspi.kz

Бұл жобаның алғашқы кейіпкері аралас жекпе-жектен чемпион Шавкат Рахмонов болды.  Қазақстандықтарға жас спортшының әлемдік рингтегі табысқа жетелеген күрмеу жолының қалай басталғаны туралы ролик қатты ұнады. Сондықтан Шавкат оқиғасының жалғасын түсіру туралы шешім қабылданды. «Қазақстан рухымен жеңеміз!» атты жаңа ролик Шавкаттың қажырлы еңбегі мен айналасындағылардың қолдауының арқасында Қазақстанда және бүкіл әлемде аты аңызға айналған әрі  миллиондаған адамға  шабыт берген тұлға  болып қалай қалыптасқаны туралы баяндайды.

Шавкат өмірде бәріне өз еңбегімен қол жеткізді. 16 жасында отбасына көмектесу үшін жүк тиеуші болып жұмыс істеді. Ол кезде анасы төрт баламен Қарағандыда бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын. Жас жігіт спортшы болуды армандайтын және ауыр жұмыстан кейін күнде  жаттығуға баратын. Бүгінде Шавкат - ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және UFC -дегі аты аңызға айналған адам.

Шавкат Рахмонов: «Бірінші ролик сәтті шықты, таныстарым, достарым құттықтап жатты, бұл қуанатын жәйт.  Kaspi.kz бренді бейнеленген алпауыт баннерлерден орын алғанымды, Қазақстанды әлемге танытқанымды  мақтан тұтамын, Kaspi.kz командасында болып,  қазақстандықтардың өмірін жақсартуға үлес қосқаныма қуаныштымын. Мен барлық жағынан үздік әрі баршаға үлгі болуға тырысамын. «Менің артымда бүкіл Қазақстан және Kaspi.kz тұрғанын сезіну өте қуанышты!»

Қазақстанда ел мақтанышына айналған батырлар аз емес. Kaspi.kz өз жобасының келесі серияларында олар туралы әңгімелеуді жалғастырады. 

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. 

Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.