Жақында ғана “көзіме шөп салды, ұстап алдым” деп жұрт алдында ашық мәлімдеген блогер Салтанаттың күйеуінің дауысы жазылған аудио әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, бұл дыбыстық жазбаны өзі парақшасында жариялаған. Аудиода күйеуі Асылжан бар шындықты мойындағандай әсер қалдырады.
“Ол екіқабат болып қалған соң, бәрі солай өрбіді. Негізі оған хайп керек болды. Подписчиктерінің назарында болу үшін интрига құрды. Кездестік, бірге болдық. Кейін ол жүкті болған соң, мен де көңіл бөле бастадым. Бірақ ол бәрін шоуға айналдырды. “Иә, мойындадым – менің қателігім”, – дейді Асылжан аудиода. – “Бала менен бе, әлде басқа біреуден бе – білмеймін. Бірақ ол үшін бұл жай ғана хайп болды. Мен оған: ‘Сені де, өзімнің мына төрт баламды да ойлап жүрмін’ дедім. Ал мейрамханада дүркіретіп той жасауға өзімнің жүрегім қан жылап тұр дедім” — деп айтқан ол.