Желіде Сәкен Майғазиевтің маңғыстаулық құдағиын қарсы алған видеосы тарады, деп хабарлайды paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Видео кадрларынан жаңа түскен жас келіннің ата-анасының алдынан қарсы алғанын байқауға болады.
Келіннің анасы қызының жүдеу түрін көріп: Ұстайтын жері қалмапты ғой, дейді. Майғазиев болса, салмақ қостыра алмай жүргенін айтады.
"Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба айта салады", - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір білдірді.
"Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып", "Жас қой әлі, семіреді уақыт өте", "Атасы жауап берген қалай кетті", деді олар.