Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Бес минуттық ләззат үшін қиянат жасады": Белгілі блогер күйеуі көзіне шөп салғанын айтты

Белгілі блогер Салтанат Аманқосқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жағысыз жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

"Бес минуттық ләззат үшін қиянат жасады": Белгілі блогер күйеуі көзіне шөп салғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ол өз сторисінде соңғы күндері бастан өткерген жағдайы мен ішкі күйзелісін жазған.

«Бір түсінгенім: Жаратқаным мені қатты жақсы көреді екен. Дер кезінде адамдардың қандай екенін көрсетсе де, жүрегім “мүмкін өзгерді, тәубесіне келді” деп ақтап ала беретін. Оны бар кемшілігімен қабылдап, айналасындағы бүкіл адамды жылы қабақпен қарсы алып, жақсы көзбен қарап жүрген мен ақымақ екенмін. Сөйтсем, мені сөзбен алдап, өзі түнінен қонақүйлердің табалдырығына жәлептерін сүйреп жүрген екен ғой. Видео-фотоларын көрмейінше сенбеп едім… Көргеннен кейін “менің көзімдегі көзілдірігім шешілді”. Еркекке сонда тек сол керек екен ғой… Бала көтерсең де, ауырын қиналсаң да, оған тек сол 2 әріп болса болғаны екен. Ниетіне қарай көреді. Менің көңілім ақ, оған берген асым адал болған. Сезім мен сенімді таптап кетті. Мен 1 рет жаққан есікті екінші рет ашпаймын. Осымен енді ол адам туралы сұрамаңыздар. Өмірімнен сызып тастадым», - деп жазды блогер. 

Салтанаттың айтуынша, бұл жағдайдан кейін ол бірнеше күн бойы ұйықтай алмай, ас ішпей жүрген. 

«Бүгінгімен уже 5-күн ұйқым жоқ. Ұйықтай алмаймын. Не дұрыс тамақ та жеп жүргенім жоқ. Жасымның бәрі жиналып қалғандай, тек тоқтамай көзден жас аға береді. Жасаған бар жақсылығыма берген жауабы осы ма?! деп қалдым. Ал бүгін менде уже эфир. Менің ұйықтамағаныма 5 күн болды. Көзімнің айналасы қарайғанынан белгілі болып тұрған шығар. Жүкті кезде ауыр тиеді екен. 5-10 минуттық ләззат үшін аманатқа қиянат жасай салу – оңай болғаны ма? Айтарым қалмады. Дос-туыс, жақындар? Жекеге жазып, түбінен дейін сұрап, өсек іздегендер, жазбандарыздар… Ешкімге жеке жазып отырғым келмейді. Осы стористарыммен НҮКТЕ болсын. Мен эфирде тауар сатып тұрғанымда, ол басқа жәлептерінің қойнында болған екен…», - деді ол.