Жамбыл облысында полицейлер 66 келі есірткі затының тасымалын тоқтатты. Бұл – ІІМ ұйымдастырған «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген операцияның нәтижесі, деп хабарлайды Paryz.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің, облыстық басқарманың және патрульдік полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 583-шақырымында «Audi-100» маркалы көлікті тоқтатқан.
Көлікте көрші облыстардың екі тұрғыны – жүргізуші мен жолаушы болған. Қызметтік ит Баронның көмегімен тексеру барысында: артқы орындықтан – 3 қап, жүксалғыштан – ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 9 қап табылды.
Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 66 келі «кептірілген марихуана» екені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды ұстау шарасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылды.