Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Фото: NUR.KZ

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, аудиториясы үлкен отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн-құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартып жатады.

"Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместікпен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", - деп атап өтті Қайрат Бижанов.